Жарнама
Саясат

Сыртқы саясаттың көпвекторлы бағытын жүзеге асырудың тиімді құралы

«Орталық Азия – Қытай» саммиті – бұл өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңін сипаттайтын ауқымды дипломатиялық бастама. Оның құрылуы Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы өзара сенім мен стратегиялық серіктестіктің тереңдегенін көрсетеді. Осыдан екі жыл бұрын Сиань қаласында өткен алғашқы саммиттен кейін тараптар экономикалық және технологиялық өзара іс-қимылды жүйелі форматқа көшіруге нақты қадамдар жасады.

Атап айтқанда, сауда, көлік-логистика және цифрландыру салаларындағы келісімдер – аймақтың ұзақмерзімді дамуына серпін беретін факторлар. Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен үйлесетін бұл формат инфрақұрылымдық өзара байланыс пен өңірлік интеграцияны тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін бұл алаң – сыртқы саясаттың көпвекторлы бағытын жүзеге асырудың тиімді құралы. Мұндай диалог платформалары елдің халықаралық беделін күшейтіп қана қоймай, технологиялық трансферт, инвестициялық жобалар мен экспорттық әлеуеттің артуына ықпал етеді. Сонымен қатар, Қытаймен тығыз экономикалық серіктестік – жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында елдің экономикалық тұрақтылығын сақтаудың маңызды тетігі.

Жалпы, «ОА – Қытай» форматы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналып келеді. Болашақ саммиттер осы бағытты тереңдетіп, нақты жобалар мен серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп күтуге болады.

Исатай МҰХАМБЕТӘЛИЕВ,

Махамбет аудандық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button