Тәуелсіздік құрдастары: 1991 жылы Атырау облысында 11 600 сәби дүниеге келген

7717e746 e8c3 4d88 b953 d6c8acde424d Медицина

ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында өңір халқы 220 мыңнан астам адамға өсті, деп хабарлайды Атырау облысының Коммуникациялар қызметі. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында Атырау облысында халық санының 432,9 мыңнан 657 110 мың адамға дейін өскені байқалады. Бұл ретте орташа өмір сүру ұзақтығы 65,9-дан 70,52 жасқа дейін ұлғайды. 

1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 26,80-ден 27,19-ға дейін жоғарылаған. 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 8,0-ден 7,17-ге дейін төмендеді. 1000 адамға шаққанда халықтың табиғи өсу коэффициенті 18,80-ден 20,02-ге дейін өсті. 

Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарындағы ауыр экономикалық жағдай бала туу көрсеткішіне де әсер еткені байқалды. Алайда, босандыру, ана мен бала күтімі бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында 30 жыл ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. 

– Салыстырмалы түрде алсақ, 1991 жылы 11 600 бала дүние есігін ашса, 2020 жылы 17,7 мың сәби өмірге келді. Яғни, 1000 адамға есептегенде облысымызда жыл сайын 28-29 сәби дүниеге келеді.

Ел бойынша бала туу коэффициенті біздің облыста ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр , – деді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының м.а. Қазбек Ермағамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз