Жарнама
Саясат

СУДЬЯ БІЛІКТІЛІГІ – БАСТЫ ШАРТ

Соның ішінде екінші бағытындағы 17-қадамында судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға баса мән берілген. Бұл ретте Мемлекет басшысы: «Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың бес жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан, бұдан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді» деген болатын.

Ендігі уақытта судья лауазымына тағайындау Елбасының бұл тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Мәселен, судья атану үшін маман түрлі даярлық, әрі сынақ кезеңінен жылдар бойы өтуі тиіс. 21-22 жас – бұл жоғары заңгерлік білім алатын кезең болса, 25-27 жас – сот төрелігі институтының магистратура сатысында білім алатын уақыт. Ал, 28-29 жаста – маман бір жылдан үш жылға дейінгі сынақ мерзімінен өтіп, сот лауазымына тағайындалу үшін байқауға қатысуы қажет.

Яғни, кандидатты 30-32 жасқа жеткенде ғана оны судья лауазымына тағайындауға ұсынуға болады. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан соң бір жылдық сынақ мерзімін атқаруы тиіс. Бұған қоса, енді судьяларға мемлекеттік тілді білу міндеттеледі.

Тағы бір айта кетерлігі, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру барысында міндетті психологиялық тест енгізудің қажеті зор. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру талаптары қайта қарауды қажетсінеді. Осы орайда шет елдердің, соның ішінде Германия тәжірибесін оған негіз ретінде алуға болады. Дәлірек айтқанда, Германияда судьяларды дайындау жазбаша емтихан мен тәжірибелік оқытудың бірнеше кезеңімен іске асады. Біздің елде де осындай талаптардан өткен судьяның әрі қарай жұмысы нәтижелі болады деуге толық негіз бар.

Бақытберген ЖАМАНБАЕВ.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button