Парламент депутаты Аветик Амирханян Атырауда жұмыс сапарымен болды

screenshot 20220530 191330 Саясат

Парламент Мәжілісінің депутаты Аветик Амирханян Атырауға жұмыс сапары аясында «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облысы филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен кездесті.

Кездесу аясында депутат 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы ойларымен бөлісті.

«Конституция – мемлекеттің даму болашағын айқындайтын маңызды құжат. Елдегі барлық өзгерістер, реформалар Конституция аясында жүзеге асады. Ұсынылып отырған өзгерістер Жаңа Қазақстанға жасалған қадам» деп атап өтті Парламент Мәжілісінің депутаты Аветик Амирханян.

Еске сала кетелік, 5 маусымда елімізде Конституцияға өзгерістер енгізуді көздейтін жалпыхалықтық референдум өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз