Әскерилерге қанат бітірді
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері Елбасының Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдап, бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Жиында қолбасшы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп берді.
«Елбасы 2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауында елдің экономикалық-әлеуметтік дамуының барлық бағыттарын нақтылап берді. Соның ішінде қоғамдағы өзгерістер, жаңа бастамалар Қазақстан Қарулы күштерін де айналып өтпейді», –деді Қ.Әбубәкіров.
Бұдан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Серік Сейітбаев ел дамуы үшін барлық жағдай жасалып отырғанын, әскердің бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілі болып қала беретінін атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды.
Әскери қызметшілер Мемлекет басшысының идеялары өздеріне қанат бітіргендігін және Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына өздері тараптарынан бар күш-жігерлерін арнайтындықтарын атап өтті.
Рүстем ИГІСІНОВ,
«Батыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.
Негізі батыстағы әскерлеріміздің қолбасшысы өзінің нағыз командир екенін көрсетіп жүр
Алға, жігіттер!