Саясат
САМАТ ЕМБЕРГЕН АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІН БАСҚАРАДЫ
Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Емберген Самат Жұмабайұлы тағайындалды.
Самат Емберген 1979 жылы Атырау облысында туған. 1996-2000 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі, 2004-2007 жылы осы университеттен заңгер мамандығын алған.
2005 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған.