РЕФЕРЕНДУМда әр дауыс МАҢЫЗДЫ

screenshot 20220513 183431 Саясат

Атырауда Ассамблея өкілдері референдум тақырыбын талқылады.

Алдағы референдумның маңыздылығы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында талқыланды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының төрағасы Нұржан Ермұханов алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, 5 маусымда референдумға қойылатын мәселелерді талқылады.

  • – Мемлекет басшысы саяси реформалардың бірнеше пакетін жариялады. Соңғы рет референдум 1995 жылы, яғни 27 жыл бұрын өтті. Бірақ, жаңа заман жаңа шешімдер мен өзгерістерді қажет етеді. Біз бұл оқиғаны қазақстандықтардың өздері де күткенін көріп отырмыз, өйткені халықтың осы саяси оқиғаға деген қызығушылығы жоғары, – деді Нұржан Ермұханов.

Ол облыстың барлық тұрғындарының республикалық референдумға қатысуының маңыздылығы туралы атап өтті.

  • – Біз референдумның мақсатын түсіндіруге тиіспіз. Өйткені, мұнда әр дауыс маңызды. Бұл реформа ел үшін қажет пе, жоқ па, соны халық шешеді, – деп есептейді Н. Ермұханов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз