Жарнама
Саясат

Референдум: Атыраулықтар белсенділік танытуда

Бүгін ел көлемінде өтіп жатқан республикалық референдумға қатысушы атыраулықтар белсенділік танытуда.

Мұны біз Атырау қаласындағы №14 референдум учаскесіне келген кезде анық байқадық. Бұл мәселені аталған учаскенің референдум комиссиясының төрағасы Ерік Оралбеков те айрықша атап өтті.

«Ең алғашқы дауыс беруші референдум учаскесі ашылған бойда келді. Қуантатыны, алғашқы келушінің екеуі де жастар. Мұндай белсенділік жалпыхалықтық тұтастықты, бір мүддеге тоғысқан халықтың көзқарасын айқындай түседі» деді Ерік Әбілханұлы.

Жалпы, бұл учаскедегі дауыс берушілер саны 2736.

«Дауыс беру үрдісінің сапалы әрі ашық өтуіне лайықты жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тектильді лента, арнайы құлаққап, трафарет, арнайы компьютер, бөлек кабина жасақталған. Үйден дауыс беретіндерден өтініш қабылдау сағат 11-ге дейін жалғасады, әзірге тіркелген жоқ» деді #14 референдум комиссиясының хатшысы Венера Жалмухамбетова.

Аталған учаскеде байқаушылар да бар. Бұл да маңызды науқанның талапқа сай, ашық өтуіне септесетін әдістің бірі. Әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері арнайы қатысып, референдум барысын байқауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button