20171101192013

Атырауда сот процесінің барлығы дыбыстық режимдегі видеоға жазылуда

Саясат Қоғам Құқық

Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл.  Қазіргі кезде Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот залдары толықтай дыбыс-бейнежазба құралдарымен жабдықталған.

20171101192013

Барлық сот үрдісі дыбыстық бейнежазбаға түсіру арқылы жүргізіледі. Күнделікті тәжірибе жұмыс процесі кезінде аудио-бейне жазбаны қолданудың тиімділігі өте зор екендігін көрсетіп отыр. Себебі, сот отырысында аудио-бейне құрылғысын қолдану – судьяның, сот отырысы хатшысының, прокурордың, адвокаттардың және тараптардың сот отырысының тәртібін сақтауына және сот отырыстарының уақытылы басталуына ықпал етеді.

Заманауи құрылғы сот отырысы хатшыларының жұмысын азайтуға да ықпал етіп отыр. Сондай-ақ, аудио-бейне құрылғысын қолдану – соттың мейлінше ашық екендігіне көз жеткізеді.

А. САМЕНОВА,

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған