АПТАНЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАСЫ ҚАНДАЙ?

Кеше Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте ресми өкіл Алтай Әбибуллаев осы аптадағы маңызды шараларды айтып берді. 

  • •Бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді. Мұнда  «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытудың» 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарының іске асу барысы қаралады. Аталған мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, кейбір облыстардың әкімдері жергілікті жағдайды баяндайды.
  • •18-19 ақпанда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация Минскіде өтетін Еуразиялық Экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысады.
  • •19-22 ақпан аралығында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Брюссельде өтетін Дүниежүзілік банктің конференциясына қатысады.

•20-21 ақпанда «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев Мәскеуде «Роскосмос» басшысы Олег Остапенкомен кездеседі. Мұнда «Байқоңыр» кешенін ортақ пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасы аясындағы уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланады.

 Дүйсенбі күні өткен брифингте сонымен қатар, Статистика агенттігінің бүгінгі тірлігі, жүзеге асырып жатқан шаралары әңгіме болды. Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында биыл Статистика агенттігінде әлеуметтік зерттеудің жаңа түрі енгізіліп отыр. 

  • -Агенттік 2014 жылы гендерлік ерекшелікті ескере отырып, ересектер және балалар бойынша жеке зерттеу жүргізудің екі жаңа әдісі қолданысқа енгізілуде. Бұл зерттеудің нәтижесінде мүгедек жандардың ағымдағы ахуалын мазмұндайтын, проблемасы бар жандарды анықтауға мүмкіндік беретін және әлеуметтік саясаттың осы саласында шешімдер қабылдауға негіз болатын мәліметтер алынатын болады, – деді Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз