Жарнама
СаясатЖаңалықтар

Қоларбаға таңылған ерікті сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады

 «Әрбір адам мүгедектігіне қарамастан, сайлауға келіп дауыс беруге құқылы. Біз әртүрлі болғанымызбен, құқығымыз бірдей. Сондықтан, мен учаскеге келіп дауыс беруді азаматтық парызым деп санадым. Әрі учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Мұнда ерекше мерекелік көңіл-күй сезіледі», —  деді «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының төрайымы, волонтер Гүлназ Қосмұрзиева. 

Қатаң карантин кезінде Гүлназ қоларбаға таңылғанына қарамастан,  өзге еріктілермен бірдей қызмет еткен. Мұқтаж жандарға таратылған тамақ пен дәрі-дәрмектің есеп-қисабы, қаржылық қоры оның  қадағалап, есептеуімен жүзеге асыпты.

Мирас шағын ауданындағы №36 мектеп-гимназияның ғимаратында орналасқан №86 сайлау учаскесіне келген Гүлназ  өз таңдауын жасай отырып, сайлаудан кейін  мүгедек жандардың өмір сапасы артатынына сенімді.

–Әйелдер мен жастар үшін 20 пайыздық квотаның бөлінуі  бізге көптеген мүмкіндік береді.  Бұл менің  ойымда жүрген жобаларды  жүзеге асырып, елге пайдамды тигізуге жол ашып отыр. Ал, тәуелсіз байқаушылардың  болуы сайлаудың  әділ өтетініне  сенім ұялатады. Бұл саяси доданың өз уақытында   өтуі де мемлекет  саясатының  сауаттылығын   дәлелдейді, — деді ол.

Салтанат Ақтәжиева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button