Қазір барлық салада ашықтық бар

c780023b ef3e 4186 9d1e a47111c12b9c Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары халық игілігіне бағытталған. Саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындағаны баршаға аян.

Саяси реформалардың жүзеге асып жатқанын қазір қоғамның әр саласынан көріп отырмыз. Бұрынғыдай емес, барлық жерде ашықтық бар.  Шыны керек, осы кезге дейін халық билікке сенбей келді. Өйткені, мемлекеттік деңгейде жасалған кейбір реформалар іс жүзінде емес, тек жазба күйінде ғана қалып келді. Сол үшін билікке деген сенімсіздік қалыптасты. Қазір керісінше жұртшылық саяси реформалардың рет-ретімен жүзеге асып жатқанына таңдана қарауда. 

Жұртшылықтың жайлы, жарқын өмір сүруі үшін барлық салада да ашықтық қалыптасып келеді. 

Халықтың көптен бері күтіп жүрген жаңалығының бірі – балалардың мемлекет тарапынан қолдау тапқан жеке дербес есепшоты болатын.

Енді  келер жылдың қаңтарынан бастап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына түсе бастайды. Бұл жаңалыққа ел болып балаша қуандық. Елдің ертеңіне жасалатын инвестиция, міне, осындай болмақ. Елдің ертеңін бірге жасаймыз, Президентіміздің реформаларын қолдаймыз деп енді нық сеніммен айта аламыз.

Досжан Болатбекұлы,

№13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз