Атыраудан көтерілген ұшақ құстарға соғылды (+ВИДЕО)

yumor samolety kartinki smeshnye kartinki fotoprikoly 2978714528 БЕЙНЕЖАЗБА

Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған әуе кемесі топтасып ұшқан құстармен бетпе-бет келіп қалды.

https://youtu.be/mNMKrjXpSEA

Атырау-Нұр-Сұлтан рейсін орындау кезінде көкке көтеріліп бара жатқан ұшақ топтасып ұшқан үйректер мен қаздарға соғылған. Әуе кемесінің он жылдай тәжірибесі бар командирі Иван Карпович штатты режимде ұшақты қайта қондыруға шешім қабылдады. Сөйтіп, кеше кешке сағат 22.05-те ұшқан әуе кемесі 22.17-де қайта қонды. Ұшақта 115 адам болған.

Ал, жолаушылардың кейбіріне билет басқа күнге ауыстырылса, басқаларына билеттің ақшасы қайтарылды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз