Жарнама
Саясат

Қоғамдық штаб мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ұжымымен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сенімді өкілдері Саламат Ідірісов, Балжан Досмұхамбетова және Айсұлу Қондыбаева сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерін түсіндіріп, кәсіпорын қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

-Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы үш негізгі қағидаттан тұрады: Әділетті Мемлекет, Әділетті Экономика және Әділетті Қоғам. Оның барлығы мемлекеттің негізгі міндеттерін шешуге бағытталған. «Адам мелекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген ұстанымды алға тартып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге және еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын,- деп атап өтті штаб мүшесі Саламат Ідірісов.

-Әрқайсымызды сапалы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту, экологияны қорғау мәселелері толғандырады. Біз өз құқықтарымыз бен мүдделеріміз сенімді қорғалатын мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Осы міндеттердің барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты. Бұдан басқа осындай кездесулер барысында біз тұрғындардан ұсыныстар жинаймыз, одан әрі пысықтау үшін Республикалық штабқа жеткіземіз, — деді штаб мүшесі Балжан Досмұхамбетова.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы сайлау ел болашағы жолындағы маңызына тоқталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button