Қоғамда талқыланып жатқан тақырып

photo 209887 Саясат

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов келешекте Тұңғыш Президенттің мәртебесі заңнамадағы экс-президент туралы нормалармен реттелетінін айтты.

Мəжілістің баспасөз алаңында Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерінің Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияға мемлекеттің негізін қалаушы тұлға ретінде енуі туралы сауалдарына жауап берді.

– Мемлекеттің негізін қалаушы деген Конституцияда болады. Ол негізі бар. Норма сақталып қалды, тек нақтыланды. Ол жерден «Елбасы» деген сөз алынып тасталды, – деді Мəжіліс спикері.

Сондай-ақ, Е.Қошанов аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерілуі мүмкін екенін де айтып өтті. «Енді ол референдум бола ма, Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мəселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рəсімді өткізуіміз керек. Заңнамада экс[1]президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады» деді ол. Сондай-ақ, журналистер сауалына жауап беру барысында Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты.

– Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазір Конституциялық кеңесте. Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бəрін талқылап, жұмыс тобының есебін тыңдады, содан кейін Конституциялық кеңеске жіберді. Конституциялық кеңес сол жобаны жариялады. Жұмыс тобы қандай баптар ұсынып отырғанын жақсы білесіздер. Соның ішінде қазір сіз сұрап отырған бап Елбасының мəртебесі туралы ғой. Бұл жерде Елбасының мəртебесі, артықшылықтары алынып тасталды. Тек қана, «осы мемлекеттің негізін қалаушы» деген тарихи ролі ғана Конституцияда қалды. Ал, бұл норма қабылданғаннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жояды деп күтілуде, – деді Мəжіліс спикері БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында берген сұхбатында.

«Конституциядағы экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзыреттер береді?» деп сұрады БАҚ өкілдері.

«Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, əлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар, осы мəселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан. Осындай құзырет беріледі» деді Ерлан Қошанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз