ҚАЖЫКЕН ҚАСКЕЛЕҢДЕ
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен-мұғалімдермен кездесті.
Ол оларға өзі туралы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Балаларды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастырудағы педагогтардың жоғары мәртебесін атап өтті. Сонымен қатар, мұғалімдерге жүктеме жыл сайын артып келетінін, ал жалақы сол қалпы өспейтінін айтты.
«Мұғалімнің жұмысын қиын еңбек жағдайларына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Мұғалімдер жоғары психоэмоционалды жүктемені сезінеді, кешке үйде жұмыс істейді. Бұл өте қиын. Өз бағдарламамда зиянды және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін ерте зейнетке шығуды қайтару қажеттігін көрсетемін», — деді М. Қажыкен өз пікірін айтты. Мұны педагогтар қолдады.
Кәсіподақтар ЕТЖ есептеу әдістемесін әзірлеп, оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынды. Бұл өте қарапайым, түсінікті және тиімді дейді кандидат. Оның айтуынша бүгінгі таңда біздің елімізде ең төменгі жалақы көрсеткіші (ЕТЖ) жүйелі есептелмейді, оны басқа базалық мөлшерлемелер сияқты белгілі бір кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітеді. Жұмыс беруші өз кезегінде осы көрсеткішке сүйене отырып, қызметкерлердің жалақысын белгілейді.
«Біздің әдістемемізге сәйкес ЕТЖ 60 мың теңгден басталып (келесі жылы ол 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады), ең кемінде 150 мың теңге дейін болуы тиіс. Бұл жұмысшылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Бухгалтерлер жалақыны анықтау үшін түсініксіз формуланы қолданады. Еңбек министрлігі кәсіподақ әдістемесін негізге ала алады. Министр Дүйсенова көптеген жылдар бойы өз қызметін атқарып келеді және әлі күнге дейін бұл мәселені ЕТЖ және басқа да ставкалардың өспей тұруын шеше алмай жатыр. Бұл күрделі мәселе емес. Неліктен ол кәсіподақтар ұсынған ЕТЖ есептеу әдістемесіне сенбейді? Неліктен ол оны пайдаланбайды? Бұл үлкен сұрақ. Немесе ол өз позициясын босатсын. Өйткені Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Республикалық маңызы бар үлкен жүйе», — деді Мейрам Қажыкен.
Бұл мәселені кәсіподақтар бірнеше рет көтерді, бұл қазірдің өзінде жұмыс істейтіндер үшін де, жас ұрпақ үшін де маңызды. Үміткердің айтуынша, жастарда «жақсы жалақы алу үшін қандай мамандық таңдау керек»деген ой болмауы керек.
«Мен өз бағдарламамда жастарға көп көңіл бөлемін-бұл біздің болашағымыз. Олар елді құрып, дамытады. Біз оларға өз кәсібилігін арттырып, Қазақстанды одан әрі көркейтуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жастарға жол ашу керек», — деді кандидат.
Мұғалімдер мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағымданды. Жас мұғалімдерге бөлінетін қаражаты жетпейді. Бұл бағдарламаны қайта қарау және жетілдіру қажет, деді Мейрам Қажыкен.
Кездесуде тұрғын үй, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақтарды дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Штабтың баспасөз қызметі