Қазақстанда Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

5d3b4447 aeb0 4542 94ad 1cb3ceb2287c Саясат

30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан танымастай өзгерді. Бала туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығы, халық табысы мен өмір сүру деңгейі өсті. Сонымен қатар, халықтың шығыны да өсті. Осы жылдар ішінде Қазақстандағы маңызды әлеуметтік азық-түлік өнімдері бағасы қалай өзгерді?

Азық-түліктің орташа бағасы туралы ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Қазақстанда азық-түлік бағасына 1993 жылдан бастап, яғни елде ұлттық валюта теңге енді айналымға енген кезден бастап мониторинг жүргізіліп келеді.

1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Дәл осы өнімдер бүгін 11 508 теңге тұрады.

2000 жылы азық-түлік себеті 1 782 теңге болды. Осы уақыттан бастап өнімдердің қымбаттау жылдамдығы бәсеңдеді. Келесі 10 жыл ішінде өнімдер орташа есеппен 2-3 есе қымбаттады. Ең бастысы, сүзбе 4 есе қымбаттады. Сондай-ақ, күріш (3,2 есе), сиыр еті, сүт және сәбіз (3,1 есе) едәуір қымбаттаған өнімдер қатарында. Жұмыртқа мен тұз бағасының өсуі баяу – 1,8 есе.

2010 жылдың аяғынан 2021 жылдың қарашасына дейін ең маңызды тамақ өнімдері орташа есеппен екі есе қымбаттаған. Сары май қымбаттады – 3,3 есе, сиыр еті – үш есе. Қант пен тұз бағасы баяу өскен – өнімдер 10 жыл ішінде тек 50 пайызға қымбаттаған.

Айта кетейік, азық-түлік бағасы халықтың табысына сәйкес өсті. Мысалы, 1993 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бар болғаны 529 теңге. 2000 жылы орташа жалақы 6 352 теңгеге дейін өсті, ал 2010 жылы қазақстандықтар орташа есеппен 39 мың теңгеден аса табыс тапқан.

2020 жылғы қорытынды бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 116 126 теңге болған.

Tengrinews.kz 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз