КІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН САЙЫС

e354d739 64e9 4460 a484 675c9ea0a71b Саясат

Бүгінгі өтіп жатқан референдум тек таңдау жасаумен емес  спорттық сайыспен де есте қалуда.

Соның бірі – Сағыз ауылындағы  “Шұғыла” мәдениет үйінде орналасқан 155 учаскелік референдум комисиясы ұйымдастырған кір тасын көтеру сайысы.

Алты жігіт қатысқан күштілердің додасында 16 келілік екі кір тасын 56 рет көтерген Нұрлан Әлжанов бірінші орынды жеңіп алса, 52 рет көтерген Аманжол Бекбаулиев екінші орынды, 50 рет көтерген Дәурен Кәдірбек үшінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері естелік сыйлықпен марапатталды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз