Жарнама
Саясат

Қазақстан мен Қытай бірлескен жобаларды бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары – Қазақстанның сыртқы саясатындағы теңгерімді бағыттың, көпвекторлы дипломатияның және ұлттық мүддеге негізделген прагматикалық көзқарастың нақты көрінісі. Бұл сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер мен стратегиялық келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеретіні анық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан экономикасы орнықты өсім көрсетіп отыр. Елдің басты мақсаты – 2025 жылға дейін жалпы ішкі өнімді 300 миллиард АҚШ долларына жеткізу. Бұл – ірі экономикалық трансформацияларды талап ететін батыл мақсат. Бұл ретте көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өңдеу өнеркәсібі, жасанды интеллект және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың тереңдеуі аса маңызды.

Қытай – әлемдегі жетекші экономикалық державалардың бірі ретінде Қазақстан үшін сенімді серіктес әрі ірі инвестор. Қытайдың технологиялық тәжірибесін, цифрлық шешімдерін және инновациялық әлеуетін Қазақстанмен бөлісуі – өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді экономикалық әріптестіктің белгісі. Осы сапар барысында қол қойылған келісімдер – индустрия, көлік, ауыл шаруашылығы мен «жасыл» технологияларды дамытудағы нақты жобаларға жол ашады.

Бейжіңде Қазақ мәдени орталығының ашылуы – Қазақстанның «мәдени дипломатия» бағытын жүйелі түрде жүргізіп келе жатқанын айғақтайды. Бұл тек символдық акт қана емес, ол – халықтар арасындағы сенімді, достықты, рухани үндестікті нығайтуға бағытталған мазмұнды платформа. Президенттің: «Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес» деген сөзі – тарихи сабақтастықты мойындау ғана емес, екі мемлекеттің болашақтағы рухани ынтымақтастығының да бағдарын айқындайды.

Сондай-ақ, қазақ және қытай жастары арасындағы білім және технология саласындағы байланыстарды нығайту, бірлескен жобалар мен зерттеулер жүргізу – екі елдің ғылыми-инновациялық дамуына серпін бермек.

Жалпы, бұл сапар Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі нығайтып, еліміздің жаһандық экономикаға интеграциялануына жол ашады. Бұл – нақты нәтижеге бағытталған прагматикалық сыртқы саясаттың жемісі әрі ел мүддесіне қызмет ететін маңызды дипломатиялық жетістік.

Абылай ҚҰРМЕТҰЛЫ,

«АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button