ӨҢІРЛЕРДЕ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КОМИТЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

220311113048685e Саясат

            Республикалық «AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

            Оған партияның Хатшысы Эльдар Жұмағазиев төрағалық етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайнар Абасов онлайн режимде қатысып отырды.

            Мәжілісте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында аймақтық агроөнеркәсіптік кешен комитеттерін құру мәселесі қаралды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармаларының және басқа да салалас құрылымдар басшыларының, шаруа қожалықтары мен қоғамлық  бірлестіктер жетекшілелерінің, өзге де мүдделі ұйымдар өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Нәтижесінде, өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен комитетін құру қажет деген тұжырым жасалынып, бірауыздан мақұлданды. Жаңа құрылымның сапалық құрамына айрықша мәғыз беру қажеттігі қаперленді.

            Соңынан аграрлық салада қордаланып қалған, шұғыл шешімін күткен проблемалар да көтерілді. Олардың қатарында кезінде  ауыл шаруашылығы мақсатында берілгенімен игерілмей қалған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жайылымдық және шабындық жер мәселесін шешу, оларды суландыру, жерасты су көздерінің қорын молайту, несиелер мен субсидиялардың берілу жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, оның жолын жеңілдету, ферлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау түрлері мен көлемін көбейту, т.б. аталды. Бұл жөнінде мәжіліске қатысушы тараптар өз ойларымен ортақтасты.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз