Президенттің реформалары жаңашылдыққа бастайды

2022 03 17 full 16451865860c81d70ba15618aef1aa8ad43458325b webp Саясат

Қазақстан бүгінде дамудың жаңа жолына түсті. Әрине, оған ықпал етуші ел билігін тізгіндеген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екендігі айдан анық. Жалпы мемлекет басшысының реформалық бастамалары, негізінен өзі билік басына келген мерзімнен бастау алады. Төрт жыл аралығында елімізде ірі саяси жаңғыртулар мен түбегейлі өзгерістерді қамтылды.  Ұлт сенімін арқалап, әлеуметтің әл-ауқатын арттыру, сот-құқық саласын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат ұстану секілді бағыттарға басымдық беруді көздеген Президент халыққа жолдаған ең алғашқы Жолдауында-ақ қоғаммен ашық әрі айқын байланыс орнату, жұрт талабы мен сұранысына дер кезінде ден қоюды жүзеге асырды.

Егемендік алғаннан бергі 30 жылдан астам уақыт ішінде тәуелсіз мемлекет талаптарына сай болу үшін мемлекетімізде жаңа ұтымды бағыттарды анықтау қажеттілігі байқалды. Жаңа Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайы мен демократияны дамытуға байланысты жолдауға «Жаңа Қазақстан: жаңарту және модернизациялау» деген атау берілді. Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде кірісуге шақырып, Қазақстанның дамуы бізден басқа ешкімге қажеті жоқ екенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше мәселені шешу бойынша жаңа ұсыныстарды дайындады.

Бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жыл еліміздің саяси өміріне көптеген өзгерістерімен, жаңа бастамаларымен келер күнге құлшындырып отырғаны рас.

Әділетті Қазақстан құруға бет бұрған қазақ елінің ендігі ұраны – ашықтық. Уақыт өткен сайын құндылықтар айқындалып, мемлекет дамуы үшін қажеттіліктер айқындала бермек. Тәуелсіздік алған күннен бастап, атқарылған жұмыстарды, қадамдарды әрине, жоққа шығарып керек емес. Тек сараптап, саралау, салыстырудан туындаған сұрақтар жеткілікті. Міне, сондықтан да саяси өзгерістер жасалып жатыр. Ел басшысына сенім артып, қолдау білдіру –ел боламын деген әр азаматтың парызы деп білемін.

Есниязова Мейрамгүл Тарғынқызы

Атырау қалалық мәслихат депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз