Жарнама
Саясат

Ел болашағын бағдарлаған жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі таңда атқарылуы тиіс іс-шаралар жан-жақты қамтылған. Атап айтқанда, қоғам талабына сай елдің экономикасын дамыту, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына басымдық беру, аумақтық даму, адамзатты алаңдатып отырған экология секілді өзге де мәселелер айтылды. Халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мақсаты – әділетті мемлекет қағидасы, жаһандану заманында ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі діңгегі – демократиялық қоғам қағидаттарының басты ұстыны болатын ауқымды істерді нақты атап өтті. Жолдауда қойылған мақсат-міндеттерді орындауда  жауапкершілік пен қойылған талаптың үдесінен шығу – қазіргі заманның өткір талабы болып отыр. Президент мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақтың болашағы үшін атқарылатын міндеттерге ерекше тоқталды. Сондықтан бүгінгі жаһандану заманында  ұрпағымыздың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бұру үшін қоғам, ата-ана, мектептің өзара тығыз байланысы ауадай қажет.

Нарық заманында ел экономикасы үшін кәсіпкерлердің ролі ерекше. Алдағы кезеңде елімізде кәсіпкерлердің жұмысына орынсыз араласпауға басымдылық берілетіндігі де өте құптарлық және өте өткір тұрған мәселелердің бірі. Өйткені азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруда кәсіпкерлердің тигізер пайдасы шаш етектен.

Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін ауыл шаруашылығының мамандары  жақсы түсінеді. Негізінен алғанда нарықтық экономикаға сәйкес жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік береді. Қарапайым ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатындығы аян. Жерді еміп өскен ауылдағылар үшін алдағы уақытта субсидия беру және салықтық жеңілдіктер ұсынатын бағдарламалар аясында тиісті шаралар топтамасын әзірлеу туралы тапсырмалар беріледі. Агроөнеркәсіп саласындағы негізгі міндеттер – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын арттыру міндеттері де алдағы уақыттың еншісінде.

Жолдаудан түйіндейтініміз замана үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді, табанды еңбекті талап етіп отырғаны анық, сондықтан жаңа жағдайдағы Қазақстанның жарқын келешегі еліміздің әрбір азаматының қажырлы да табанды еңбегіне байланысты болмақ.

Аққали Ахмет

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессоры

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button