Президент сайлауында байқаушылар қандай міндеттер атқарады?  

de1234ff 233a 4d12 ab6e 39d40036b9e3 Саясат

20 қарашада кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Сайлау процесінде бақылаушылар қандай рөл атқарады және олардың жұмысы қалай ұйымдастырылады? “Атырау-Ақпарат” ЖШС баспасөз клубында бірқатар қоғамдық қорлардың өкілдері сайлау өткізу, сондай-ақ байқаушы болу мүмкіндігі туралы айтып берді. Спикерлер – “НАQ” қорының атқарушы директоры  Тоғжан Қожалы, “Алтын уақыт” қорының өкілі Айгүл Уәлиева және қоғам қайраткері Асман Аманжол өңір тұрғындарының сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қалай қатысуға болатыны туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Тоғжан Қожалы 20 қарашада өтетін Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауында 12 мыңға жуық сайлау учаскесі болатынын атап өтті.

– Біздің қордан еліміздің сегіз қаласында сайлау учаскелеріне барлығы 1000-ға жуық бақылаушы шығады. Қор бақылаушыларды оқытуды жүргізеді. Мобильді топтар мен штабтар құрылатын болады, процесс аяқталғаннан кейін бақылау бойынша есеп әзірлейміз, – деп түсіндірді Т.Қожалы.

Барлық спикерлер тұрғындарды 20 қарашада өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз