Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несиелеуге 1 657 миллион теңге бөлінді

99999 Саясат

Atr.kz/20-ақпан.  Өңірде ауыл бизнесін дамыту мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде жаңадан 64 жұмыс орны құрылмақ.

99999

Бұл турал өңір басшысының есепті жиынында белгілі болды.
Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жылдық мөлшерлемесі 7 пайызбен жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп келеді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеуге 1 657 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат 338 бизнес жобасын құруға және 623 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Соның ішінде өткен жылы 500 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, оған 96 жоба мақұлданды.
Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,6 млрд. теңге қаражат бөлініп, 288 жоба қолдау тапты.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз