Назарбаев Зияткерлік мектебіне келіп дауыс берді

img 20210110 wa0186 Саясат

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орналасқан №89 сайлау учаскесі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сайлаушыларға мінсіз қызмет  етуде. Бұл жағдайға аталған учаскеге арнайы барған кезде куә болдық.

–Науқанның бүкіләлемдік пандемия жағдайында өтуі сайлау комиссиялары мен сайлау учаскелері қызметінің жауапкершілігін еселеп арттырды. Мектепте 6 сайлау кабинасы орнатылған. Олардың 1-і мүгедек жандардың дауыс беруі үшін арнайы жабдықталған болатын.

Зағип жандарға арналған тактильді ноутбук пен басқа да керек-жарақтар, сайлау науқаны туралы ақпарат беретін арнайы аудиожазба дайындалған. Сайлау комиссиясы мен байқаушылардың жұмыстары әлеуметтік ара қашықтықты сақтау негізінде ұйымдастырылған. Мектепке кіру және шығу үшін жеке-жеке есіктер қарастырылды,- дейді №89 сайлау учаскесінің төрағасы Салтанат Жанекешова.

«Учаскеде сондай-ақ, шағын халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сайлаушылар тізімінен табылмаған азаматтар сол жерден EGOV порталына тіркеліп, дауыс бере алады. Бұл бағытта арнайы оқытылып, сертификат иеленген екі маман қызмет көрсетуде» деді Салтанат Жеңісқызы.

Аталған сайлау учаскесіне алғашқы дауыс беруші сағат 7-ден де бұрын келіпті. Салтанатты ашылуына қатысып, Әнұран тыңдаған тұрғын өз таңдауын жасаған екен. Соңғы сағаттардағы мәліметке сай, аталған учаскеге 351 сайлаушы келген.   

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз