Президент сайлауы: Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды

daaigznyjbcpp9jqvupygwgvuiqzbl70piekpwdt.jpg width1200xheightautoxtype1 Саясат

Бүгін сағат 18:00-де Президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де – кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлаудан бір күн бұрын яғни 2022 жылғы 19 қарашада сағат 0:00-де аяқталады.

«Сайлауалды үгіт-насихат үш тәсілмен жүргізіледі: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы, баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару мен тарату арқылы», – деді ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Материалдарды тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазанға дейін эфир мен баспаны ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялап, Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс болды. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясына БАҚ-тан 320 ақпараттық хабарлама келіп түсті. Жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларды қоспағанда кандидаттардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат кандидаттардың сайлау қорынан төленуі тиіс.

19 қарашада республика бойынша тыныштық күні басталады.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз