Индерде сайлау комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту тренингі өтті

9645312 Саясат

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Семинарда қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сайлау кезінде кездесетін түрлі жағдайлар туралы пікір алмасты.

-Семинардың мақсаты – сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктігі мен құзыреттерін арттыру.
Жиын барысында оқытудың жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының заңнамасы және сайлау жүйесі», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру», «Сайлау науқаны кезеңінде әр түрлі конфликтілік жағдайлардың алдын-алу және одан шығу тәсілдері», «Сайлаушылармен жұмыс және дауыс беру күні аумақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссисяы мүшелерінің мінез-құлқы, стресске төзімділік», «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік және азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс» және т.б. тақырыптары талқыланды, деді А.Айманакумов.

Айта кетейік, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында өткен семинар тренингке Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына қарасты 43 адам қатысты. Олар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз