Парламенттің пәрмені күшейе түспек

l3yazlpd9taklxdr lg Саясат

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликова Президенттің кейбір өкілеттігін Парламентке, Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға беру бастамасына қолдау білдіріп отыр.

Оның пікірінше, бұл қоғамға өзін-өзі басқару арқылы өз тағдырына жауапкершілік алуға мүмкіндік бермек.

«Бұл – бүгінгі қоғамның әр мүшесі ел үшін маңызды қадам. Мәселен, мажориталды сайлау жүйесі Парламенттің төменгі палатасында округтердің тікелей өкілдерінің рөлін және партияда жоқ кандидаттардың қатысуы үлесін арттырады. Демек, депутаттар белсенділігі арта түседі. Ал, білім беру мекемелері студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға, сындарлы дебаттар мен студенттік басқару арқылы жаңаша ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлуі керек. Міне, осындай өзгерістерді жатсынбаған жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суперпрезиденттік басқару моделінен Парламент пен мәслихаттардың ролі күшейген саяси жүйеге көшу, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты арттыру бастамасы қолдауға лайық. Міне, сол себептен, баршамыздың алдымызда жаңа және әділетті Қазақстан құру жолында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау, саяси жүйені, әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту, жаңа экономиканы қалыптастыру секілді бірқатар маңызды міндеттер тұр. Сол себептен, Мемлекет басшысының саяси жаңғыру бағытындағы бастамаларына қолдау көрсету – елдігіміздің белгісі», -дейді Гүлзада Шакуликова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз