ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ – ӨМІР ӨЗЕГІ
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз. Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда. Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр, – деді кандидат.
* * *
ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өздерінің өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді.
Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
Бұл күні Қарағанды қаласында да батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі – рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық. Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады», деді сенімді тұлғалар.
* * *
Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді. Өз жұмыстары туралы Президенттікке кандидаттың Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының жетекшісі баяндады. Сондай-ақ өздерінің жұмыстары туралы Көкшетау аймақтық сайлауалды штабы да есеп берді.
* * *
Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС жұмысшылары ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат Т. Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.
Кездесу соңында Президенттікке кандидат Т.Сыздықов жиналғандардың кейбір сұрақтарына жауап берді және өзінің сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров жиналған жұртты сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды.