Саясат

Отандық тауарлардың үлесін арттыратын заңнамалық түзетулер әзірленді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тақырыпқа қатысты баяндама жасады.

Оның айтуынша, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі өсудің оң динамикасын көрсетіп келеді. Биылғы 4 айдың көрсеткіші бойынша өндіріс көлемі 7,1 трлн теңгені құрап, $5,6 млрд. болатын өңдеу өнеркәсібі тауарлары экспортталды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 19,9%-ға артып, 403,2 млрд. теңгеге жетті. Саланың экономикаға қосқан үлесі 4,3 трлн. теңгені құрады.

«2023 жылдың қорытындысына сәйкес, еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда $52,7 мыңға жетті. Биылғы 4 айда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 105,2% құрады. Министрлік жетекшілік ететін салаларда, атап айтқанда, еталлургия өнеркәсібінде өсім 5,1%-ды құрап, 1 млн тонна шойын, 1,3 млн тонна болат, 834 мың тонна тегіс прокат, 87,4 мың тонна алюминий, 89 мың тонна мырыш және 159,8 мың тоннадай мыс өндірілді», — деді Қанат Шарлапаев.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл металлургия саласында инвестиция көлемі 464,2 млрд. теңгені құрайтын, 4,7 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 21 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Қарағанды облысындағы ТЭМПО Қазақстан болат құбырларын өндіру зауыты және Шымкент қаласындағы QazAlPack алюминий қаптамасын шығару кешенін ұлғайту жобалары бар. Машина жасау саласының өсімі 22%-ды құраған.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button