Жарнама
Саясат

Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті

Орталық референдум комиссиясының республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Отырысқа Бас прокуратураның, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ бейнеконференция байлынысы режимінде-аумақтық референдум комиссиялары қатысты.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл мемлекет үшін және әрбір жекелеген азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі. Негізгі Заңға енгізілетін түзетулер еліміз үшін аса маңызды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болмақ. Яғни, Конституциямыз жаңа мәртебеге ие болады. Осылайша, еліміздің Президентінің өз өкілеттіктеріне сәйкес бастамашылығымен «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал бойынша бүкілхалықтық дауыс беру азаматтардың мемлекет істерін басқаруға тікелей қатысуын және саяси шешімдерді қабылдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді» – деп атап өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Ол республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңы айқындайтынын хабарлады. Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес референдумды әзірлеу мен өткізуді: референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясы; референдумның аумақтық комиссияларының функцияларын орындайтын ҚР аумақтық сайлау комиссиялары; референдумның учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Конституциялық заңның нормаларына сүйене отырып, Орталық референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум комиссиялары туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, республикалық референдумды дайындау мен өткізу кезінде референдум комиссиялары тиісті сайлау комиссияларының мөрлерін, интернет-ресурстарын пайдаланады.

Сондай-ақ, К.Петров республикалық референдум өткізу кезіндегі барлық деңгейдегі референдум комиссиясының өкілеттігі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес: Аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс (референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей).

Референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарлар бұқаралық ақпарат құралдарында – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс (референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей).

Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталып, дауыс берілетін күннің алдындағы күні 00:00 сағатта, яғни 2022 жылғы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады (референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіттеу жүргізуге тыйым салынады).

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әрбір учаске бойынша шешімімен учаске құрылған әкім қол қояды және 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірiлмей (дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын) акт бойынша табыс етіледі.

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді (дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда).

Референдумда дауыс беруді өткізу уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Орталық референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

election.gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button