Жарнама
Саясат

Орталық референдум комиссиясы үндеу жариялады

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button