Атырауда байқаушылар алдағы сайлауға дайындықты талқылады

56857cb1 74b6 43e7 af50 2488382a1089 Жаңалықтар

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының ұйымдастыруымен партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бас қосты.

Кездесуге аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов,партиялық емес тәуелсіз байқаушылар штабының басшысы Дәурен Сейтқалиев, облыстық  кәсіподақ, партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

-10 қаңтар ҚР Парламенті мәжілісінің және жергілікті мәслихаттарының сайлауына республика бойынша қоғамдық күштер бірігіп, партиялық емес тәуелсіз байқаушылар орталығы құрылды.  Біздің ұстаным- ешбір саяси күшті қолдамай, ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заң тараптарының дұрыс орындалуы. Қазіргі таңда өңірде 1500 астам тәуелсіз байқаушы оқыту семинарларына қатысты, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Кездесуде партиялық емес тәуелсіз байқаушылар партия өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарымен танысып, өзге де мәселелерді талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет мерзімінен бұрын емес, ағымдағы шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімінде өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз