ӨРЛЕУ ТЕТІГІ – ӨЗІМІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА
Онда Елбасы қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажеттігін, бұл ретте мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетіндігін ерекше атап көрсетті. Мемлекет басшысының бұл тұжырымы барша қазақстандықтарға ұсынылған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші тарауында да айшықты көрініс тауып отыр.
Ал, келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені, олар – «ертеңімізді жасайтын бүгі-німіз». Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мемлекеттің ең басты назарында болды. Бұл салада «Жасыл Ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.
«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға келген әлеуметтік сала мамандарына бір жолғы көтерме ақы төлеу және тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз бюджеттік несиелер ұсыну шаралары ауданымызда жылма-жыл жалғасын тауып келеді.
Биылдың өзінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы негізінде 100 жас маман жұмысқа тартылса, 2016 жылы 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы 53 кәсіпкер өз істерін бастап, өзге ауылдастарына үлгі-өнеге көрсетуде..
Әсел МҰРАТОВА, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы.