Атақты композитор болашақ үшін дауыс берді

2022 06 05 3555c0ea 823d 4393 a4ed a708cb44d6cd Саясат

Таң атысымен дауыс беру орталықтарына ағылған жұртта есеп жоқ. Әсіресе, Атыраудағы №7 учаскеге келген тұрғындардың таңдау жасауға деген құлшынысын ерекше атауға болады.

Әр адамды ақпен күтіп алатын мекен-жайда — таңғы жетіден бері абыр-сабыр тіршілік. 
Аталған учаскеге ерте келіп, өз таңдауын жасағандардың бірі — Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Ілия Жақанов. Ол бүкілхалықтық референдум барысында елдің болашағы үшін бұғып қалуды жөн көрмегенін жасырмады. 

— Референдум біз үшін өте маңызды үлкен науқан. Біз Атазаңымызды ерекше құрмет тұтатын халықпыз. Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша дауыс беру, түптеп келгенде, ел үшін, қоғам үшін. Бүгініміз бен болашағымыз жолында ерекше мәнге ие. Халықтың таңдауы өздері үшін игілікті болса екен, әділ әрі әділетті болса екен. Соның арқасында жан-жақты дамып, көркем бір ел болсақ екен деген тілектеміз. Ұрпағымыз осы заңның шапағатын көрсе екен деймін, — деді Ілия Жақанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз