ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ӨҢІРЛІК ҮГІТ-НАСИХАТ КАМПАНИЯСЫ БАСТАЛДЫ 

6196cd39 fc2a 4001 ba85 57167dc7af0c Саясат

Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады.

Кампания «Сен біздің ауылдан шықтың» акциясымен ашылды. Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Құлан ауданы Қарақыстақ ауылының ақсақалдарымен, тұрғындарымен, бала күнгі достарымен, сыныптастарымен кездесті. Олар кандидатқа аманат тапсырып, ақ жол тіледі. ​​​

Жиында ауыл өмірі басты назарда болды. Ауылдықтар заманауи ауылдың қандай болуы керектігін айтты. Кандидат назарын тек өз ауылына емес, өңірлердегі барлық 6000 ауылдық елдімекенге көмектесу керектігіне аударды. 

«Оңтүстіктегі ауылдардың жағдайы біршама жақсы, бірақ біршама ауылдар қаңырап қалды. Жастардың басым бөлігі жағдайдың, жұмыстың жоқтығынан, өмір сүру деңгейінің өте төмендігінен ауылдан кетуге мәжбүр болды. Ауыл мен ауыл шаруашылығы ажырамас ұғым. Бақуатты ауылсыз агроиндустияны дамыту, агроиндустриясыз қуатты Қазақстанды құру мүмкін емес. Осы мәселені қолға алу керек»,-деді өз сөзінде Жигули Дайрабаев.​ 

Кандидаттың сөзін ден қоя тыңдаған ауылдықтар, осылайша қорытынды ой түйді. ​Мерке ауданының құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының төрағасы, 73 жастағы Байсейіт Сабырұлы Жылысбаев Жигули Дайрабаевты қазақ салтымен құрбан шалып қонақ етті. «Жілік шағу» дәстүрін өткізді. Кандидат қонаққа барып, халықортасында болуымен өзінің салт-дәстүрге берік екенін көрсетті. ​

Бұдан кейін Жигули Дайрабаев өзі оқыған мектепке, шопанның көмекшісі болып еңбек жолын бастаған ауылға барды. Туған топырақтан қуат алып, қанаттанған кандидат келесі өңірге аттанды. 

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз