Жарнама
Саясат

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бойынша жұмыстар жалғасуда

Атырауда Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бойынша ақпараттық жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды atr.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытындағы кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі түсіндірді.
Осы орайда, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты- өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға шақырды.
Атап өту қажет, іріктеуге:
35 жастан аспаған;
жоғары білімді;
3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button