БІРЛІГІ БЕКЕМНІҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ

2015 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Тараз қаласында болды. Бұл жерде олар Жамбыл облысының белсенділерімен, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты жұмысшыларымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті. 

Делегация құрамында  Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед,  Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар,  белгілі қоғам қайраткерлері мен спортшылар бар.

«Баласағұн» концерт залында РҚШ мүшелерінің Жамбыл облысының белсенділерімен кездесуі өтті.  Елбасыға өз қолдауларын білдіруге мыңнан астам жамбылдықтар жиналды. Олар – белгілі қоғам қайраткерлері, өңірдің құрметті азаматтары, мәслихаттардың  депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, жастардың және үкіметтік емес ұйымдардың  жетекшілері, өндіріс секторының, шағын және орта бизнестің өкілдері.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының бірегейлігі туралы өңірдегі ҚХА құрудың негізін қалауға атсалысқан түрік этномәдени орталығының төрағасы Дүниядар Абдуллаев әңгімелеп берді.  

Жаңа Жамбыл фосфор зауытының алаңында өндіріс секторының өкілдері  мен РҚШ мүшелерінің кездесуі болды. Минералды тыңайтқыштар зауытының шебері Болатхан Көптілеуов кәсіпорын жұмысшыларының атынан өндіріс саласына қолдау көрсеткені үшін Ел Президентіне алғыс білдірді.

Түстен кейін РҚШ мүшелері шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында белгілі жазушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Арғынбай Бекбосын Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап өтті.

Жамбыл облысының мыңдаған тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесулерге қатысты. Адамдар өздерінің тек Ұлт Көшбасшысы үшін ғана дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Шымкентте РҚШ мүшелері  Ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумына қатысты, Түркістан қаласының жұртшылығымен, Кентау трансформатор зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед,  Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен әртістер бар.

Шымкенттегі «Мұз сарайында» Ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумы өтіп, оған мыңнан астам оңтүстікқазақстандықтар қатысты. Форумның қатысушылары бірауыздан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді және  26 сәуірде өздерінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.

Сөйлеген сөзінде облыстағы славян этномәдени орталығының төрағасы Юрий Кирюхин бүгінгі таңда түрлі саладағы еліміздің табыстарын қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланыстыратындарына тоқталды.

Түркістанда РҚШ мүшелері қоғам өкілдерімен жүздесті. Батыр  ана Татьяна Саурынбаева өз жерлестерінің атынан Елбасыға алғыс  айтты, ол республикамыздың табысты әлеуметтік саясатының – тікелей Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі екенін атап өтті. Оның сөзін физика пәнінің мұғалімі Зүбәйра Сүлейменова да қолдады.

РҚШ мүшелері Кентау қаласында болып, онда трансформатор зауытының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз