Жарнама
Саясат

ОБЛЫС ӘКІМІ «ШЕВРОН» ӨКІЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

«Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен серіктестігіне 20 жыл толу мерейтойын Астана қаласында атап өту жоспарланып отырғандығын мәлім еткен Скот Дэвис мырза, сондай-ақ, «Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына 20 жыл толу мерейтойы 5-ші сәуірде Атырау қаласында, 6-шы сәуірде Жылыой ауданында, яғни «Теңіз» кенішінде ұйымдастырылатындығын да айтып өтті. Соның ішінде корпорация 20 жылдықтың құрметіне Атырау облысына естелік қалдыру мақсатында біраз шараларды жүзеге асырмақшы.
— Еліміздің жетекші кәсіпорны «Теңізшевройл» компаниясы 20 жылда ауқымды жұмыстар жасады және облыстың мұнай-газ саласын дамытумен қатар, әлеуметтік саланың да жетілуіне үлес қосып келеді. Бізді кәсіпорында халықтың әл-ауқатын ойлайтын азаматтардың қызмет етіп келе жатқандығы да қуантады. Сондықтан, сіздердің ұсыныстарыңызға ризашылығымды білдіріп, қолдау көрсетемін, — деген облыс әкімі болашақта да кәсіпорынды аймақтың өркендеуі жолындағы ортақ жұмыстар мен жаңа жобаларды бірлесіп атқаруға шақырды.

Әлпеш САДЫҚ.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button