ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛБЕСІКТЕН

ҚКХП атынан Президенттікке кандидат Т.Сыздықов Астана қаласында Республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысы мен аймақтардағы сайлаушылармен кездесу нәтижелерін талқылады.

Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғандығын жеткізді.

«Біз қазіргі кезде өзінің өзектілігін жоғалтпаған марксизм-ленинизм идеяларына негізделген менің сайлауалды тұғырнамамды жеткізе білдік. Халықтардың бейбіт өмір сүруі, төзімділік, жаңалыққа және өркендеуге ұмтылыс – бұл бірінші орында тұрған жалпы адамдық құндылықтар. Оларды алға тарту жер бетіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолы болып табылады. Интернационализм мен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіну мемлекеттің ілгері дамуының кепілі болып келеді. Жас ұрпаққа бала кезінен бастап халықтарда тарихи қалыптасқан төзімділікті, шыдамдылықты, үлкендерді құрметтеуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сезімдерін сіңіру қажет», – деді ол.

Т.Сыздықовтың пайымдауынша, оның ҚКХП атынан Президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді.

«Батыс құндылықтары әдетте жалған болып келеді және тек өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана көздейтін тұтынушы-адамды қалыптастыруға бағытталған. Бұл ақшаға табынушылықты тудырып, адамдардың жеңіл табыс  табуына және адамгершілік қағидаларынан бас тартуына итермелейді. Батыстық тұрмыс салты мен мәдениеті тығырыққа тірелді», –  деді ол.

Сонымен бірге, Тұрғын Ысқақұлы айтқандай, батыстық жойқын мәдениетті тарату кинематограф өнімдері, компьютерлік ойындар, ғаламтордың әлеуметтік желілері, әдебиет және қоғамдық тамақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Атап айтқанда ол: «Батыс мәдениеті тығырыққа бара жатыр және оған зорлық-зомбылықты, бассыздық пен жеңіл табысқа ұмтылысты насихаттау әсерін тигізуде», – деп атап өтті.

***

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен жас коммунистер тобы қызыл ленталармен әсемделген көгершіндерді аспанға ұшырды. Олардың ұшуы дүние жүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді, сондай-ақ, коммунистік идеялардың жаңа биіктерге көтерілуін сипаттайды. Шараның 40-тан астам қатысушылары құстардың ұшқанын қызыл жалаушалармен қарсы алды. Акция қатысушыларының алдында сөйлеген Т.Сыздықов бүгінгі күні бейбітшілік пен өркендеу идеяларын алға шығаруда жастарға түсінікті және айқын рәміздердің қажет екенін жеткізді.

***

 Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді.  Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді. «Осы сайлау науқаны арқасында біз бұқара халықтың назарын аударып, сайлауалды бағдарламаның негізгі акценттері мен қағидаларын жеткіздік», – деді Т.Сыздықов. «Кандидаттың үгіт-насихат пойызы сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60-тан астам кездесу өткізілді. Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық», – деді жиналғандарға Тұрғын Ысқақұлы.

Республикалық штабта да ЕҚЫҰ басшысымен және сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесулер өткізілді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз