Саясат
НАЗАРБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕГЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің інісі Болат Назарбаев туған топырағы – Шамалған ауылында ем алып жатқан көрінеді.
Ол соңғы жылдары созылмалы бүйрек және көмей обырымен күресіп келеді екен (қазір тек қайырымдылықпен айналысып, ағайынмен араласады). Тіпті, сөйлеуге де шамасы жоқ. Шетелде ешқандай ем қонбапты. Сондықтан бизнестен де бас тартып, сенімді серіктеріне аманаттаған.
Айта кетейік, соңғы кезде 69 жастағы Болат Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлап кеткені жөніндегі жаңалықтар желіде желдей есіп жүр.