Саясат
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған
№205 учаскеге мүмкіндігі шектеулі І топ мүгедегі келіп, саяси науқанда өз таңдауын жасады.
Денсаулық жағдайына қарамастан арнайы келген аудан тұрғыны «Жағдайым нашар болса да осы жерге келіп өз даусымды беріп отырмын. Көп балалы ата-анамыз. Біз жағдайымыздың жақсарғанын, еліміздің одан әрі дамығанын қалаймыз» дейді ол.
Референдум учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық мүмкіншіліктер жасалған.
Олар тұрғын үйлеріне жақын учаскелерден бөлек, арыз жазып, дауыс беру жәшігін үйге алдырып саяси науқанда дауыс бере алады.
А.Жұмабергенова