Мониторинг тобының отырысы өтті
Агенттіктің тапсырмасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бюрократиядан арылту мәселері бойынша тиісті мониторинг және талдау жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, мониторинг «Бюджеттің бөлінуі мен игерілуі» бағыты бойынша фокус-топты қалыптастыруды және олармен жұмыс жасауды көздейді.
Бұл ретте, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында Атырау облысы көлемінде жергілікті бюджеттің бөлінуі мен игерілуін бақылау мақсатында Департамент жанынан құрылған мониторинг топтың (фокус группа) отырысы өткізілді.
Осы аталған бағыт бойынша жұмыс жасау үшін Департамент жанынан құрылған мониторинг топ отырысында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының басшылық құрамының жергілікті бюджеттің игерілуіне қатысты баяндамалары тыңдалып, тиісті ұсыныстар енгізілді.
Өз кезегінде, Мониторингтік топпен жергілікті бюджетті бөлу мен игеру барысында бюрократиялық рәсімдердіанықтау, оларды жою және жүйелі түрде жұмыстар жүргізе отырып, тиісті ұсыныстар Агенттікке жолданатын болады.