Жарнама
Саясат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

30 тамыз – Конституция күніне орай, Атырауда 5 мемлекеттік қызметші ант қабылдады.

Атап айтсақ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, облыс әкімінің көмекшісі және Атырау қалалық әкімдігінің жас мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметті адал атқаруға ант қабылдады.

Сонымен қатар, Құрманғазы ауданында да мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Шара барысында мемлекеттік орган басшылары жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аянбай жұмсауға шақырды.

Өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда 265 жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Осы ретте, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметке жаңадан келген 30 қызметкерге сынақ мерзіміне тағайындалып, тәлімгерлер бекітілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button