Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
Әдеп нормаларын сақтау барысында қай мәселеге айрықша назар аударған жөн? Аталған сала өкілдерінің оң имиджін қалыптастырудың жолы қандай? Сыбайлас жемқорлық дәйектерін түпкілікті болдырмаудың амалы бар ма?
- Мемлекеттік қызметші және оның әдебіне қатысты маңызды сауалдарға жауап алу мақсатында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметовамен арнайы сұхбаттасқан едік
– Фарида Төлегенқызы, әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары, яғни негізгі атқаратын міндеті қандай? Сұхбатымызды осыдан бастасақ…
– Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактика-сын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырды, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Негізгі міндеті – консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормалары-на сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыру.Сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормала-рын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну де Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.
– Қазір облыс бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті жүктелген қызметкер саны қанша?
– Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарында әдеп жөніндегі уәкіл институты 1515 мемлекеттік қызметшіге жүктелген. Қала және аудан деңгейінде эти-ка жөніндегі уәкілдің функция-лары әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне жүктелген.Ережеге сәйкес, мемлекеттік органдардың көрінетін жерлеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері толықтай ілініп, қамтамасыз етілген.
– Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы не айтар едіңіз?
– Жасыратыны жоқ, күнделікті тұрмыста тұрғындардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімінің азайғаны жайында естиміз. Тіпті, әлдекім мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасса, «танысы көмектесті» деген сияқты әңгімелер тарап жүр. Бұл дұрыс емес. Міне, біздің лауазым бір жағынан осындай алыпқашпа сөздердің болмауы үшін де жұмыс атқарады. Басты міндет – мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған са-ясатына деген сенімді арттыру.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың мінсіз әдеп мінез-құлықтарымен қатар жүреді. Негізгі жұмысымызды мемлекеттік қызметшілерді тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаға айналдыру, мемлекеттік органдардың қоғамдағы ролін күшейту және мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру бағытында атқарып келеміз.
Жыл басынан бері жұмысымызды этикалық және коррупциялық заң бұзу оқиғаларының алдын алу жұмысын іске асыруға бағыттадық. Қызметтік этика нормаларын орындау бары-сына мониторинг жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Тағы бір мысал, қазір мемлекеттік автокөліктердің тек қызметтік мақсатта пайдала-нылуы бойынша бірнеше шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта қызметтік көліктерге мемлекеттік органның атауы, сенім телефоны мен арнайы белгісі жабыстыры-луы тиіс деп ойлаймын. Себебі, арнайы тіркеу белгісі болмаса, көпшілік мемлекеттік көліктің қандай мекемеге тиесілі екенін біле бермейді. Мұны халық сенімін арттырудың бір тетігі деп қарастыруға болады.
– Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жолындағы жұмыс нәтижелері қандай?
– Дамыған елдерде мемлекеттік аппарат жемқорлықтан ада орган ретінде қабылданады. Әсіресе, Скандинавия елдері, Швейцария, Сингапур, Канада және Жаңа Зеландияда мемлекеттік басқарудың сапалы индексі көрсетілген. Біз де осы елдердің көрсеткіштеріне жақындай түсуіміз қажет. Қандай жағдай болсын, мемлекеттік қызметшілер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және оны алдын алуға бағытталған шараларды қабылдауы тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметші – мемлекеттің сенімді өкілі.
Осыған орай мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеміз. Жыл басынан бері 745 рет мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, мемлекеттік қызметшілер туралы заң, Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойын-ша мемлекеттік қызметшілермен 145 рет түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде әлеуметтік желідегі парақша арқылы да қоғамды атқарған жұмыстарымызбен таныстырып отырамыз.
Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресте іс жүзінде асыратын нақты міндеттерді белгілеп берді. Аталған жоспар-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандырудың кезең-кезеңі қамтылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті есімінің аталуына жол бермеуі, сондай-ақ қоғам тарапынан сынға қалу жағдайларына жол бер-меу туралы жүктелген.
2020 жылғы 10 айдың қорытындысына сүйенсек, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмысының саны 5%-ға төмендеді. Оның ішінде жымқыру және алаяқтық фактілері – 41, пара алу – 29 пайызға азайды.Жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық екі есеге азай-ып, мемлекеттік сатып алу саласында – 40, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде – 36 пайызға төмендеді.Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетінен мемлекетке 1 млрд. 260 млн. теңге көлемінде залал келтіріліп, оның 95% қалпына келтірілді. Сотқа 131 іс жолданып, 44 кінәлі тұлға сотталды.
– Жалпы ахуалды білудің бірден-бір жолы анонимді сауал-нама дегенді айтып едіңіз…
– Иә, расында да, уәкіл жұмысының маңызды бағытының бірі – ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды анонимді сауалнама арқылы зерделеу. Бірінші жарты жылдық бойынша облыстық әкімдіктің 460 мемлекеттік қызметшісінен анкеталық сауалнама алынса, об-лыс бойынша бұл шара арқылы 3100 мемлекеттік қызметші қамтылды. Осылайша, әр мемлекеттік органдағы қызметшілерге қолайлы моральдық-психологиялық кли-мат қалыптастыруға ықпал етуге жұмыстанудамыз.
Айта кетейік, бұл жұмыс та өз нәтижесін беріп жатыр. Ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал өткен жыл-мен салыстырғанды 5,2 пайызға артып отыр.Жасалған жұмыстар қатарында облыстағы атқарушы органдар-да жұмыс істейтін әдеп жөніндегі уәкілдермен бірге 26 мемлекеттік мекемеде болып, азаматтармен кездестік, қоғамдық қабылдаулар өткіздік. Атап айтарлығы, бұл жұмыстар шалғайдағы Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында да жүргізілді.
– Мемлекеттік қызметтегі меритократия туралы түсіндіре кетсеңіз…
– Түсіндіру-профилактикалық шараларды жүргізу барысында уәкіл ретінде болашақ жас ма-мандарды мемлекеттік қызметтегі перспективалар туралы, кадрлар саясатындағы меритократия туралы хабардар етеміз. Мемлекеттік қызметтегі ме-ритократия – уақыт талабы. Бұл қағида қашанда мемлекеттік органдарға қызметке қабылдану негізі болып қалады және лайықты кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бір анығы – меритократия принциптерін нығайту сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюға, мемлекеттік қызметке тек сауатты, білікті кадрлардың өтуіне ықпал жасайды.
Осы орайда Әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік органдардың меритократия қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, оның орында-лысы зерделенді.Былтыр жергілікті атқарушы органдарда ішкі конкур-спен 9 мемлекеттік қызметші жоғарылатылса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 30-ға жетіп, үш есе өсті.
– Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметшілердің аты-на айтылатын сын-ескертпелер де жоқ емес. Бұл бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізіле ме?
– Мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтар және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Олар жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті.Сіз атаған мәселені зерде-леу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілер аккаунттары мен бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырамыз.
Күні бүгінге дейін мемлекеттік қызметшілерге қатысты 53 мақала мен пост анықталса, оның 44-і жағымды материал, 9-ы жағымсыз мақала болды. Барлық анықталған материал бойынша мемлекеттік органдар тарапынан халықпен кері байланыс орнатылып, тиісті деңгейдегі жауаптары берілді.Сондай-ақ, телефон этикеті, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен әділдігі, мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісі және заңсыз игілікке жол бер-меу жөніндегі жаднама мемлекеттік органдарға таратылды.
– Ал, тұрғындар өтінішін қараудың басқа да формасы бар ма?
– Жыл басынан бері барлық деңгейдегі әдеп жөніндегі уәкілдер 278 рет азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар өтініштері негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысындағы мемлекеттік органдардағы бюрократия, тұрғын үймен, жұмыспен қамту, жол салу, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынасы мәселесіне қатысты. Бұдан бөлек жеке тұлғалардың әлеуметтік мәселелері бойынша шағымдары тиісті уәкілетті органдарға сұраныс жіберу арқылы жауап берілді. Яғни кез-келген өтініш зерделеніп, тиісті органдарға ұсыным берілді.
Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі уәкіл 6 лауазымды тұлғаның әдеп нормаларын бұзу дәйектеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеруге ұсыным берді. Соның нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшіге тағылған ұжымдық шағым дәлелденіп, Әдеп кеңесінің қарауына ұсынылды.
Айта кету керек, Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті – жаза-лау емес. Сондықтан, ең алдымен жұмысымызды мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағыттап отырмыз.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен өзі төрағалық ет-кен мемлекеттік қызметшілердің заңнама аясындағы міндеттерін сақтау мәселесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ту-ралы облыстық комиссияның мәжілісінде, облыстық қоғамдық кеңесте және «Nur Оtan» партиясының алаңдарында Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде баяндама жасап, ұсынымдарымды бердім. Нәтижесінде тиісті хаттамалық тап-сырмалар мемлекеттік органдарға жолданып, орындалуы бақылауға қойылды.
Осылайша, облыс аумағында «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-рында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру барысында, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға сәйкес жұмыстар атқарылып жа-тыр. Осы үрдіс бұдан әрі де жалғаса береді.Жалпы, заманауи мемлекеттік қызметте кадрларға деген кәсіби та-лап басты қағида болуы тиіс. Оның кәсіби сапасы арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланады. Сондықтан, әр адам мемлекеттік қызметпен тағдырын байланысты-ра отырып, халықтың алдындағы үлкен жауапкершілігін сезінуі қажет. Себебі, мемлекеттің мәртебесін көтеруге, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан көрінуіне мемлекеттік қызметшінің қосатын үлесі зор.
– Әңгімеңізге рахмет!
Гүлжан ӘМІРОВА
- Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы мамырда «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформалық бағдарламасын жария етті. Бұл құжатта ең алғашқы өзекті міндет ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі алға қойылған. Ұлт жоспарының 12-ші қадамында жазылған «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырма-ларын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген.
- Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алады.