Жарнама
Саясат

Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армения Республикасынан 2 және Грузиядан 2 байқаушы – аталған мемлекеттердің орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ, Франция Республикасынан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті Елші мырза мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button