Жарнама
Саясат

Мәжіліс депутаты Мақат ауданында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жұмыс сапарымен Мақат ауданына барды.

Алдымен Доссор кентіндегі Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің ұжымымен кездесті. Мәжіліс депутаты маусым айында өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы жөнінде айтып, оған тұрғындарды бірауыздан қатысуға шақырды. Өнер ұжымы халық қалаулысына өнер мектебінің қазіргі ахуалын да айтып өтті. Бұрынғы ескі аурухананың ғимаратында орналасқан өнер мектебінің материалдық-техникалық базасының сын көтермей тұрғандығын алға тартты.

Өнер ұжымы «алдағы уақытта мектеп жаңа ғимаратқа көшірілсе екен» деп тілек білдірді. Парламент Мәжілісінің ауданға сапары басқа да ұжымдармен кездесуімен жалғасты. Мәжіліс депутатының ауданға сапары туралы «Atyraý» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сурет автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button