Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

63cf5fca7d062455031820 Саясат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ОСК.

«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;

4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;

5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;

7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», – делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз