Жарнама
Саясат

МАҚСАТ ТА, МІНДЕТ ТЕ ЗОР

 

Ел басшысы баршамызға шұғылалы нұрлы жолды көрсетіп отыр. Халықтың еңбекпен қамтылуын және оның деңгейін өсіруге жол ашатын инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берілді. Соның нәтижесінде, отандық экономиканың дамуының қозғаушысына айналатын көлік магистралінің тұтастай жүйесін құруды ұсынды. Бұл  бұқараның өмір сапасын жақсарту  жолы екені анық.

Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше. Құжатта білім, ғылым саласында қордаланған мәселелер көтерілді. Яғни, Мемлекет басшысы Қазақстан кейбір ұстанымдарын қайта қарап, алдағы кезеңдегі жоспарларына өзгерістер енгізуі керектігін айтты. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады және еліміздің білім беру жүйесіне де зор міндеттер жүктейді.

Болашақтың тірегі – жастар. Олардың толыққанды білім алуына бүгінде барлық жағдай жасалып отыр. Сонымен бірге, жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде еліміздегі тұрақтылық пен татулықты, халықтар арасындағы ынтымақтастықты сақтай білуге, ата-баба дәстүрін жалғастыруға тиіс. Осынау жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіре білу маңызды.

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік Ел» қағидасына да ерекше көңіл бөлуі тегін емес. Бұл жолғы Жолдау  Қазақстанның жаһандық қауіп-қатерлердің алдын алып, ұлттық идея– Мәңгілік Елге апарар даңғыл жолдың айқындалуымен ерекшеленеді.

 «Жастар – елдің ертеңі» десек, сол жарқын болашаққа жеткізетін жастардың тағдыры ұстазбен тығыз байланысты. Сол себепті, біз, ұстаздар қауымы, Елбасының салып берген Нұрлы Жолымен еңбек етіп, құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асырамыз.

Абылай ДОСНИЯЗОВ,

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты  колледжінің директоры. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button