Ғылымды қолдамай – нәтиже болмайды

9df5ff73 125e 4d6a bad2 f889d595475b Саясат

Еліміздің ғылыми саласында, жоғары оқу орындарында реформалар басталғаны белгілі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылуы осының айғағы болса керек.

Қазіргі уақытта мемлекеттің табыстылығы оның ғылыми ортадағы, білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен, халықаралық нарықтағы жоғары білімнің өтімділігімен анықталады.

Ғалым ретінде ғылымға мемлекеттік қолдау, гранттар, басқа да түрлі салалардағы ғылыми жобаларға, әсіресе жас ғалымдарға қаржылық көмектер көбейеді деп күтемін. Қазіргі геосаяси жағдайдың өзі ғылымды дамытып, қолдамаса, ел өмірінің барлық саласында өсім күту қиын екенін көрсетіп отыр. Сайлаудан кейін осындай нәтижелі өзгерістердің жалғаса беретініне сенім білдіремін. 

Өмірбек Бекежан,               

философия ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз